Қазақ тілі сабағы 4 «В» сынып
- Администратор
- 5 мар. 2022 г.
- 1 мин. чтения
Қазақ тілі сабағы 4 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: сұрақтарға жауап беру/ суреттер арқылы сөйлемді
толықтыру және түйінді тұстарын анықтау.
Сабақтың барысында психологиялық ахуал орнатылды. Қызғалдақ гүлдерін сыйлау арқылы бір-біріне жылы сөздер айтты.
Сабақта өткен тақырыпты «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы қайталау өткізілді. Сөйлемдерді санмен толықтырды. Заттардың ретін айта алды. Өсімдіктердің атауларын, құрылысын білді. Сергіту сәті орындалды.
«Сиқырлы себет» ойыны арқылы жануарларды қорғау туралы, пайдалы өсімдіктер туралы пікірін , ұсынысын айтып сабаққа қорытынды жасады. Сабақ мақсатына жетті.
Қазақ тілі мұғалімі: Канатбаева Г.З
Comments