top of page

Қазақ тілі сабағы. 3 «Е» сынып

Фото автора: АдминистраторАдминистратор

Қазақ тілі сабағы 3 «Е» сынып

Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен мүсінші бала.

Сабақтың мақсаты:

• тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі оқиғалардың соңын болжайды, жалғауларды дұрыс қолданады

• оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың барысында «Ыстық орындық» әдіс-тәсілді пайдаланамын.Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырамын. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі.Оқушыларға презентация арқылы Шоқанның өмірі, шығармашылығы, балалық шағы мен досы Мысық жайлы туралы түсінік беремін.Сабақтың сонында, бүгін біз өздерің жақсы білетін Шоқан Уәлихановтың мүсінші досы туралы білдік.«Қара жәшік» ішіндегі сұрақтарға жауап берейік.Бұл әдіс-тәсіл оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту, оқушының оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал етеді. Сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады. Кез-келген сабақты қызықты өту үшін әдіс-тәсілдер,ойын түрлерін қолданып,сонда ғана нәтижеге жетуге болады.

Қазақ тілі мұғалімі: Сулеменова Злиха Жарашовна



21 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


КГУ "Общеобразовательная школа №2 города Тобыл"

bottom of page