top of page

Қазақ тілі сабағы 3 «А» сынып

Фото автора: АдминистраторАдминистратор

Қазақ тілі сабағы 3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: «Бауыржан –батыр»

Сабақтың мақсаты:

• тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды

• берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табады және сөйлеу барысында қолданады, сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың барысында психологиялық ахуал орнатамын:Біз бақытты баламыз,Ойнап күліп аламыз.Жетілсін деп санамыз,Оқып білім аламыз. Содан кейін оқушылар үй тапсырмасын айтады,дәптерлерін тапсырады. Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Жаңа сөздерді оқиды, қайталайды, сөз тіркесін құрастырады.Мәтінді тыңдайды,сұрақтарға жауап береді. Оқушылар тақтаға шығып, берілген сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырады. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазады. Сабақтың соңында «Бес саусақ» әдісі-тәсілді пайдаланамын. Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. Бас бармақ – басты мәселе .Балалы үйрек – бірлесу. Ортан терек – ойлану. Шылдыр шүмек – шынайылық. Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Балалар парақтағы алақанды алып, өз ойларын жазады.

Қазақ тілі мұғалімі: Сулеменова Злиха Жарашовна




67 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentarios


КГУ "Общеобразовательная школа №2 города Тобыл"

bottom of page