top of page

«Сен білесің бе?» атты викторина өткізілді

Фото автора: АдминистраторАдминистратор

Тобыл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі барысында, А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Сен білесің бе?» атты 5 сынып оқушылардың арасында викторина өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты:

1.Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оны көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

Іс-шара барысында оқушылар төрт топқа бөлініп, жарысты. Сайыс 4-кезеңнен тұрды:

1. Топпен таныстыру. 2. “Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы “ (4 оқушы) 3. « Қызықты сұрақтар » Сұрақтарға жауап беру.

4. “Сөз мәйегі- мақал”. Мақал –мәтелдер сайысы.

Іс-шара барысында А. Байтұрсынов туралы видео, презентация көрсетілді. Әр кезенде оқушылар А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы бойынша өз білімдерін көрсетуге тырысты. «Тапқырлар» және «Бүркіттер» топтары белсене қатысты. Бірақ сайыс қорытындысы бойынша достық жеңді деп барлық топтар арнайы грамоталармен марапатталды. Қорыта айтканда, іс-шара өте көңілді және қызықты өткізілді.

«Тобыл қ. № 2 ЖББМ» қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Бекмухамбетова С. К., Канатбаева Г. З.


10 просмотров0 комментариев

КГУ "Общеобразовательная школа №2 города Тобыл"

bottom of page