top of page

Рубрика «Таймлайн ключевых дат и событий

Фото автора: АдминистраторАдминистратор

«Таймлайн. Негізгі даталар мен оқиғалар» айдары

Рубрика «Таймлайн ключевых дат и событий»



2019 жылғы 3 тамыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда Әл-Фараби музей-үйін ашты. Жобаны ҚазҰУ Ыстамбұл қалалық әкімдігімен бірлесе отырып, Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ және Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды. Әл-Фарабидің этнографиялық мұражай-үйінің ашылуы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған. Әл-Фараби музей-үйі - әлемнің туристік орталықтарының бірі - Ыстамбұл шаһарының дәл ортасындағы Түркі Әлемі этнографиялық мұражай-кешенінде орналасқан. Музей-үй бірнеше бөлімнен тұрады, мұнда Аристотельден кейін адамзаттың Екінші ұстазы атанған ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірінен алынған деректер мен құнды тарихи мәліметтер берілген. Сонымен қатар, мүсіндік композициялар, тарихи жәдігерлер, ғалымның еңбектері және адамзат ілімінің бірнеше саласына орасан зор үлес қосқан ойшыл туралы материалдар көрініс тапқан. Музей-үйімен жақын танысу үшін көрермендерге арнайы қызықты экскурсиялық бағдарлама әзірленіп, ал, түрік оқушылары үшін мұражай базасында арнайы оқыту-танымдық курсы дайындалған. Әл-Фарабидің есімін иеленіп отырған Қазақ ұлттық университеті, оның шығармашылық мұрасын зерттеп жариялауда, сонымен қатар, әлемдік деңгейде Қазақстан мәдениеті мен Ұлы Даланың жетістіктерін насихаттауда белсенді жұмыс атқарып келеді.


3 августа 2019 года Казахский национальный университет им. аль-Фараби открыл в Турции дом-музей Аль-Фараби. Проект осуществлен КазНУ совместно с Мэрией Стамбула при поддержке Тюркского Совета, ТЮРКСОЙ и Посольства РК в Турции. Открытие этнографического дома-музея приурочено к празднованию 1150-летия аль-Фараби. Дом-музей Аль-Фараби расположен в самом центре Стамбула – одного из мировых лидеров туризма, в этнографическом комплексе-музее Тюркского мира. Он состоит из нескольких разделов с уникальной информацией о жизни и деятельности великого тюркского мыслителя Абу Насра Аль-Фараби, названного Вторым Учителем человечества после Аристотеля. Здесь представлены скульптурная композиция, исторические артефакты, труды ученого и книги о мыслителе, внесшем фундаментальный вклад во многие области человеческих знаний. Для посетителей дома-музея разработана интересная экскурсионная программа, а для турецких школьников на базе музея подготовлен специальный учебно-познавательный курс. Казахский национальный университет, с честью носящий имя великого тюркского мыслителя аль-Фараби, проводит активную работу по исследованию и популяризации его творческого наследия, а также продвижению в мире культуры Казахстана и достижений Великой степи.

bilimdinews.kz

http://www.kaznu.kz/

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

ЮИД-2023

Comments


КГУ "Общеобразовательная школа №2 города Тобыл"

bottom of page