«Мұхтар Әуезов - ғұлама жазушы» атты сыныптан тыс іс –шара өткізілді
- Администратор
- Sep 22, 2022
- 1 min read
Тобыл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі барысында 6 сынып оқушылары арасында М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов - ғұлама жазушы» атты сыныптан тыс іс –шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқушыларды ұлы адамдардың өмірінен үлгі алу, шығармашылық танымдарын толықтыру. Көпшілік алдында өзін еркін ұстай білуге, өз білімін кеңінен қолдануға, адамгершілік дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Викторина 9 кезеңнен тұрды:
I. «Тапқыр болсаң - тауып көр» II. «Мен білемін» III. «Кім жылдам?» IV. «Аудармашы» V. «Тақпақ айту». VI. «Қатені тап»
Оқушылар 2 командаға бөлінді. Ең көп жұлдыз алған команда жеңіске жетті. Викторинаның мақсаттарына қол жеткізілді: балалар Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын қайталап, жинақтап, білімдерін тереңдетті. Іс-шара барысында оқушылар жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық пен тәртіпті көрсетті. Мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым – қатынас сенімді, қарым-қатынас стилі демократиялық, бұл қолайлы психологиялық климатты, жағымды эмоционалды көңіл-күйді қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Comments