top of page

3 «А» сынып. Сундеталина Л.Н. Сабақтың тақырыбы:«Бұл орталық мұражай»

Фото автора: АдминистраторАдминистратор

3 «А»сынып

Сундеталина Л.Н.

Сабақтың тақырыбы:«Бұл орталық мұражай»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұражайдың түрлері туралы түсінік беру. Мектеп мұражайымен таныстыру. Тақырып аясында мектеп мұражайына саяхат жасау.

Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

10 ақпан күні 3 «А» сынып оқушылары мектептің спорт мұражайына саяхатқа барды.

Саяхат барысында оқушылар мұражайдың тарихи және мұражайдың құрылуы туралы ақпарат алды. Мұражайды аралау Республикалық, облыстық, аудандық спортшылары туралы мәліметтермен, спорттық экспонаттармен танысудан басталды. Мұражайдағы ескі экспонаттар да балаларды қызықтырмай қоймады, олардың ішінде 1970 жылғы коньки, медальдар мен қазіргі заманға сай спорттық құрылғылар бар. Саяхат балалардың бәріне өте ұнады. Олар білімдерін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында жас ұрпақты мұражайға апарып, түрлі жәдігерлермен таныстыру керек деп есептеймін.


13 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


КГУ "Общеобразовательная школа №2 города Тобыл"

bottom of page