top of page

"Қазақстандағы Код сағаты" республикалық акциясы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "білім сапасын бағалау және ақпараттандыру әдістемелік орталығы" КММ хатына сәйкес 2022 жылғы 5-11 желтоқсан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар апталығы" шеңберінде "Қазақстандағы Код сағаты" республикалық акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру. Бастауыш және орта буын оқушылары интерактивті режимде бағдарламалаумен танысты. Жасанды интеллекттің нейрондық желісінің жұмысын зерттеді. Сабақ соңында білім алушылар сертификаттар алды.

Информатика пәнінің мұғалімі Н.К.Абылкадирова, педагог-сарапшы.


Comments


«Тобыл қаласының №2 орта мектебі» КММ

bottom of page