top of page

"Оқушының мәдени нормативі" жобасы

"Оқушының мәдени нормативі" жобасы аясында біздің 5 "Г" сынып оқушылары сынып жетекшісі И.П. Ситниковамен және тарих пәнінің мұғалімі Б. Д. Әбішевамен бірлесіп көктемгі демалыста Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

🎯 Осы сапардың мақсаты :

✅мәдени-адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Мұражай Қазақстанның ең көне мұражайларының бірі болып табылады. Оқушыларды "Ұлы дала билеушілері" экспозициясы таң қалдырды. Ол Қостанайға Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінен келді. Жәдігерлердің қатарында сақ кезеңінің әр түрлі әшекейлерінің түпнұсқалары, "алтын адамдардың" өздері және олардың киімдерін қайта құру бар.

Балалар экскурсоводты қуана тыңдап, экспонаттармен естелік ретінде суретке түсті.


46 views0 comments
bottom of page