top of page

"Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ даласының ұлы ұлы" атты көшпелі көрме өтті

2022 жылдың 21 қыркүйегінде мектебімізде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ даласының ұлы ұлы" атты көшпелі көрме өтті.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 1-11 сынып оқушылары үшін көрме бойынша мұражай сабақтары мен тақырыптық экскурсиялар өткізді. Оқушылар архив құжаттары мен фотосуреттерінің көшірмелерімен танысты, олардан көрнекті ағартушы, түркітанушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының саяси және шығармашылық өмірі туралы қызықты мәліметтерді білді.Көрмеге оқушылар мен оқытушылар ғана емес, ата-аналар да қатысты.

Мақсаты: қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, ақын ғалым, педагог Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.Оқушыларға эстетика, патриотизм, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Бұл көрменің ұйымдастырушысы аға тәлімгер А. С. Едіресова.

@@yerasov


0 views0 comments

Comentários


bottom of page